04 Қараша, 2016

Қазақстандағы өзбекше газет. "Жанубий Қозоғистонға" 25 жыл толды

827 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2647_oko_2 Осыған байланысты Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театры ғимаратында аталған газет­тің 25 жылдық мерейтойы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкім­інің орынбасары Ұласбек Сәді­бекұлы қатысып, өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың құттықтау хатын оқып, арнайы сыйлық тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Розақұл Халмұрадов пен Парламент Мәжі­лі­с­інің депутаты Фахриддин Қара­таев сөз сөйлеп, редакция қыз­мет­керлерінің бір тобын алғыс хаттар­мен марапаттады. Облыстық мәс­лихат хатшысының міндетін атқарушы Әбілқасым Досболов газет ұжымының атқарып отырған игі істерін ерекше атап өтті. Жиынға «Жанубий Қозо­ғи­с-тон»­ газеті оқырмандары мен облыстағы этномәдени бірлестік­тер­дің, білім беру, ден­сау­лық сақтау мекемелерінің қыз­меткерлері, бұқаралық ақпарат құ­ралдарының өкілдері, жастар ұйым­дарының мүшелері және басқалар қатысты. «Жанубий Қозоғистон» газеті республика бойынша Елбасы Жол­даулары мен басқа да ст­ра­те­гия­лық құжаттарды өзбек тілінде то­лық ауқымда жазып отырған жал­ғыз мемлекеттік басылым болып табылады. Облыстағы жарты мил­лионнан астам өзбек этносы өкілдерінің сүйікті басыл­ы­мы болуымен қатар, «Жанубий Қозоғистон» газеті бүгінде егемен еліміздің қалыптасуына, аймақтың дамуына, қазақстандық патрио­тизмді нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Біз салтанатты іс-шараға мұрындық болып, өз мәнінде өтуіне атсалысып жүрген азаматтарды сөзге тарттық. Соның бірі – кезінде осы газетте бас редактор болған, бүгінде Парламент Мә­жілісінің депутаты Фахриддин Кара­таев былай дейді: – Бұл газет 1991 жылы «Достық туы» деген атпен шыға бастады. Оң­түстік Қазақстан облысында сан жағынан екінші орынды жер­гі­лікті ұлттан кейін өзбек этносы алады. Елбасымыздың «Көп ұлтты болу – Қазақстанның бақыты» деген қанатты сөзі бар. Мемлекет бас­шысы Қазақстанға әртүрлі жағдайлармен келген түрлі этнос өкілдерінің баянды өмір сүруіне барлық жағдай жасап келеді. Соның бір айғағы  –бүгінде 25 жыл толып отырған осы «Жанубий Қозоғистон» облыстық газеті. Қазір өзбек тілінде шығатын басылымды Әлішер Сатыбалдиев басқарады. – Алғашқы жылдары 2-3 мың та­ралыммен шыққан газет бүгінде 14 мыңға дейін жетті, – дейді ол. –  Облыстық газет еліміздің бас га­зеті «Егемен Қазақстаннан» құт­тықтау хат алып, ұжымымыз ме­ре­йленіп қалды. Газетті әр жылд­ары Собиржон Юсуфалиев, Хавазмат Қошқаров, Абдумалик Сарманов, Мураджан Абубакиров, Фахриддин Каратаев сынды белгілі азаматтар басқарды. Олар қаламгерлердің бірнеше ұрпағын өсіріп шығарып, газеттің абырой-даңқын арттыруға көп еңбек сіңірді. Мемлекетіміздің барлық бастамаларына қолдау көрсетіп, патриотизмді орнықтыруға атсалысып келе жатқан басылым бір мақсат, бір мүддеге қызмет ете бермек. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»   ШЫМКЕНТ