04 Қараша, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Р.Т.Ердоғанды Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті биылғы 4 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы президентін сайлауға кандидатурасының ұсынылуымен құттықтады. Тараптар елдеріміздің сауда-экономикалық қарым-қатынас аясын кеңейтуге тың серпін берген үкіметаралық байланыстардың жандануына оң баға берді. Әңгімелесу кезінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына баса назар аударылды.