04 Қараша, 2016

Элизабет Тұрсынбаева Ресейде бақ сынайды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
4 қараша күні Ресейдің Мәскеу қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі -  «Rostelecom Cup 2016» жарысы өтеді. «Kazsport» телеарнасы  өтетін жарысты тікелей эфирде көрсетеді. Аталған халықаралық жарысқа қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қатысады. Оның өнерін көрермендер «Kazsport» телеарнасында 4 қараша күні сағ. 23:25-де және 5 қарашада сағ. 22:35-де тамашалай алады. Еске салар болсақ, Элизабет былтыр «Skate America-2015» турнирінде төртінші, «Skate Canada - 2015» бәсекесінде жетінші орынға ие болған еді. Сонымен қатар, Тұрсынбаева ағымдағы жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қола жүлдегері. «Rostelecom Cup 2016» турнирі — бұл 2016-2017 маусымның мәнерлеп сырғанау бойынша ISU Гран-придің үшінші кезеңі. Турнир ұйымдастырушысы — ISU қолдауымен Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясы. Жарыс ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауы, жұппен сырғанау және мұзда билеу категориялары бойынша өтеді.