04 Қараша, 2016

Бір ауданда бір жылда жеті балабақша салынды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2650_oko_site_2 Созақ ауданы Жуантөбе ауыл округінде 50 орындық «Алуа» балабақшасы ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл осы жылы пайдалануға берілген 7-ші бөбекжай. Осылайша «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшаларда 660 бала балабақшамен қамтылып отыр. Нәтижесінде ауданда бағдарламаның орындалуы 84,5 пайызға жетті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі. Балабақшаның ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі Мақсат Исаев ел ертеңі үшін жасалып жатқан жақсылықтардың қайтарымы осы бүлдіршіндер екенін, олардың алаңсыз өсіп, жақсы азамат болуларына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, «Балапан» бағдарламасы аясында тағы бес балабақша ашылатындығын айтты. Бақтияр Тайжан, «Егемен Қазақстан» 2650_oko_site_1