05 Қараша, 2016

Қауіпсіздік қазірден басталады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандан­дырылған көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша әзірленген іс-шаралар шеңберінде ағымдағы жылғы 31 қазан мен 2 қараша аралығында ЭКСПО кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын Астана қаласы ІІД қызметкерлері үшін «Бұқаралық іс-шараларды басқару саласында полицияның әлеуетін күшейту» тақырыбына семинар өтті, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Семинарды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) бағдарламасының офисі Нидерланд король­дігінің полиция Академиясының қатысуымен ұйымдастырды. Оған Германия Үкіметі қаржылай қолдау көрсетті. Семинар ЭКСПО көрмесі кезінде осыған ұқсас іс-шараларды өткізудің әлемдік тәжірибесі ескеріліп, нақты ұсыныстар негізінде Қазақстан Респуб­ликасының ішкі істер органдары үшін лайық­талып жасалған. Семинарда ЭКСПО көрмесін өткізу орындарында болатын іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық дағдылар пысықталды. Оның қорытындысы бойынша Астана қаласы ІІД-нің 30-дан астам қызметкеріне тиісті сертификаттар берілді.