05 Қараша, 2016

Кіл сұлуда кім сұлу?

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
foto-377Еліміздегі ең белсенді университеттің бірі Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті десек те болады. Ұдайы бір қызықты шараларға ұйытқы болып жатқаны. Кеше  Қыздар университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Күз ханшайымы-2016» байқауының ақтық сыны болып өтті. Жастар саясатын дамыту бөлімі мен Жоғары студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген байқаудың іріктеу сайысы екі ай бойы Арулар қалашығында өткен болатын. Кіл сұлудан кім сұлуды анықтаған байқау қорытындысы бойынша  Айдана Кәрімова «Күз ханшайымы» атанды. Ботакөз Оңалбаева бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Аяулым Бидай иеленді. Ал үшінші орын Ақбаян Мырзазияға бұйырды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және шараға демеушілік көрсеткен «Гавай» аквапаркінің, «NIVEA» және «Науy Kay» компаниясының арнайы сыйлықтарымен және «Аружан» сұлулық салонының сертификаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, бас жүлдегерге Малайзияда ағылшын тілін 1 ай оқуға мүмкіндік беретін сертификат, екінші орын иегеріне Алматы қаласында ағылшын тілін 1 ай тегін оқу сертификаты,  үшінші орынды алған аруға қытай тілін 1 ай тегін оқу сертификаты табыс етілді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ