05 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №637

455 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 31 қазан Астана, Үкімет Үйі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және  білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына: 1) Риддер қаласы «№3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі; 2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Оралхан Бөкейдің есімі; 3) Өскемен қаласы әкімдігінің «№33 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімі; 4) Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Шәкәрімнің есімі; 5) Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Шоқан Уәлихановтың есімі; 6) Өскемен қаласы әкімдігінің «№16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Зәки Ахметовтің есімі; 7) Өскемен қаласы әкімдігінің «№23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Мұхамет Шаяхметовтың есімі берілсін. 2. Мынадай білім беру ұйымдары: 1) Үржар ауданы «Благодарное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2) «Ұлан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Горкий атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Ғадас Салықов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 3) Үржар ауданы «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 4) «Күршім ауданы «Шеңгелді негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Жақыпбек Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 5) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Қызылағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Мүтән Аймақов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 6) Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 7) Катонқарағай ауданы «Ленин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 8) Зырян ауданы «Киров орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Андрей Сумин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 9) Зырян ауданы «Парыгин орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 10) Зырян ауданы «Снегирево бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ