2016 жылғы 22 қаңтар, Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы: 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.ТАСМАҒАМБЕТОВ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №38 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери
оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1. Педагог жұмыскерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1. Университет бастығының лауазымдық міндеттері.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын және Университет жарғысын жұмысында басшылыққа ала отырып, университетті тікелей басқаруды жүзеге асырады және:
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға;
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыруға;
университетті бітірушілердің даярлығы сапасына;
жедел-тактикалық, жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейлердегі кадрлардың біліктіліктерін арттыруға және қайта даярлауға;
кадрларды іріктеуге және орналастыруға;
жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне;
тұрақты құрамның кәсіби даярлығына;
жарғылық ішкі тәртіп пен реттілікке, әскери қызметтің жай-күйіне, жеке құрамның әскери тәрбиесіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызмет қауіпсіздігіне;
Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі – ЖЖМ) және басқа да материалдық құралдардың жай-күйіне және сақталуына;
оқу-материалдық базаның, әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне және сақталуына;
қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, шарттық және наразылық-талап қою жұмысына;
әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік-құқықтық қорғауға жауап береді.
Университеттің мақсаттары мен даму бағыттарын айқындайды. Қабылданған шешімдерге, материалдық құралдардың сақталуына және тиімді жұмсалуына жауапты болады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін білім беру және ғылыми процестерді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылыми және тәрбие қызметінің сапасы мен тиімділігін, жоғары білімді дамыту саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейін қамтамасыз етеді. Университеттің бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді.
Ең жаңа технологияларды, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсау және ұтымды пайдалану номаларына негізделген еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану саласындағы жетістіктер негізінде университетті басқаруды ұйымдастырады.
Мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, аралас білім беру ұйымдарымен байланысты ұйымдастырады. Әскери білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдайды.
Жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді.
Университетті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, профессорлық-оқытушылар құрамының және өзге де жұмыскерлердің санаттар бойынша біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөніндегі шараларды қабылдайды. Кәсіптік білімдерін пайдалану мен дамыту және тәжірибе алмасу, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлестіруді, әскери оқу орны қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыруды, материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскердің өзіне тапсырылған іске және жалпы жұмыс нәтижелеріне материалдық мүдделілігі мен жауаптылығы қағидаттарын, заңнамада белгіленген мерзімдерде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және оны орындауды, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбегін ынталандыруды, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Өз өкілеттіктері шегінде университеттің қаржы, экономикалық, шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, әскери оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды адамдарға – бастықтың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ функционалдық және әкімшілік бөлімшелердің басшыларына тапсырады. Құрылымды және штатты әзірлейді. Азаматтық персоналды қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттіктер шеңберінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Әскери оқу орнының қызметінде және ондағы шаруашылық экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда, қаржылық басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Сотта, төрелікте әскери оқу орнының мүліктік мүдделерін қорғайды. Мемлекеттік билік және басқару органдарында әскери оқу орны атынан сенімхатсыз әрекет етеді және мекеменің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ жалпы әскери оқу орнының қызметіне дербес жауапты болады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бағыттар бойынша әскери оқу орны қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп берулерді ұсынады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
2. Университет бастығы орынбасарының (оқу жұмысы жөніндегі) лауазымдық міндеттері.
Жоспарлау құжаттарын уақтылы әзірлеуге, оқу процесін, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға, лицензиялау жөніндегі іс-шараларды, мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыруға және өткізуге, оқу және әдістемелік жұмыстың озық тәжірибесін жинақтауға және таратуға, тікелей бағынысты әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың тәрбиесіне, әскери, еңбек тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне, материалдық-техникалық құралдар мен басқа да мүліктің сақталуына, университеттің ғылыми-техникалық базасын жетілдіруге жауап береді.
Өз бағытымен қолданыстағы заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғы мен ұжымдық шарт негізінде әскери оқу орнының қызметіне тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қабылдаған шешімдерге, материалдық құндылықтардың сақталуына және оны тиімді пайдалануға жауапты болады. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Сеніп тапсырылған қызмет бағыттары шеңберінде әскери оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді; ең жаңа техника мен технологияларды қолдану, білім беруде отандық және шетелдік тәжірибені, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын пайдалану саласындағы соңғы жетістіктерді енгізуді, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және тиімді пайдаланудың негізделген нормаларын пайдалануды ұйымдастырады. Бағынысты бөлімшелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету жөнінде, педагог жұмыскерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімді пайдалану және дамыту, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес оқу-жаттығуларда тәжірибе алмасу, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Сенімхат болған кезде мемлекеттік билік пен басқару органдарында әскери оқу орнының мүдделерін білдіреді, өз өкілеттіктері шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді.
Құрылымды және штатты өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бағынысты бөлімшелердің қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының әскери білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында инновациялық технологияларды енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ бағынысты бөлімшелердің қызметіне тікелей жауапты болады. Жыл сайын тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді дайындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, әскери білім беру ұйымдарында немесе әскери білім беру басқару органдарында кемінде бес жыл басшылық лауазымдардағы еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
3. Университет кафедрасы бастығының лауазымдық міндеттері: кафедраның жоспарлау құжаттарын әзірлейді.
Кафедра жоспарларының орындалуына, кафедраның ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға, кафедра пәндері бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлау сапасына, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық деңгейіне, кадрларды іріктеуге және орналастыруға, кафедраның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, кафедра жеке құрамының моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери тәртібіне, кафедраның оқу-материалдық базасын жетілдіруге жауап береді.
Отырыстар жоспарына сәйкес кафедра отырыстарын өткізеді.
Кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Кафедра қызметкерлері арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды.
Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады. Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады. Кафедраның жаңадан бастаған оқытушыларына оқу және әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.
Дайындық бағыттары бойынша әскери оқу орны ішінде және ЖОО-лар арасындағы деңгейде оқу-әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады.
Кафедра қызметінің қорытындылары бойынша есеп береді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
4. Университет кафедрасы бастығы орынбасарының лауазымдық міндеттері.
Кафедраның жоспарлау құжаттарын әзірлеуге қатысады.
Кафедра жоспарларының, кафедраның ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысының, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларының орындалуын, кафедра пәндері бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлау сапасын, ғылыми-педагог кадрларды даярлауды, кафедраның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, кафедра жеке құрамының әскери тәртібін және олардың моральдық-психологиялық жай-күйін, кафедраның оқу-материалдық базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.
Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады. Кафедраның жаңадан бастаған оқытушыларына оқу және әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
Дайындық бағыттары бойынша әскери оқу орны ішінде және ЖОО-лар арасындағы деңгейде оқу-әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады.
Кафедра қызметінің қорытындылары бойынша есеп беруді дайындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, университеттің педагог жұмыскерлері лауазымдарында кемінде 2 жыл және мамандық бойынша кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
5. Университет профессорының лауазымдық міндеттері.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық және бітіру жұмыстарына (жобаларға), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Жекелеген бағыттар бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне басшылық жасайды. Жетекшілік ететін пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуге басшылық жасайды.
Жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік материалдарды, бітіру жұмыстарын (жобаларды) рецензиялауды жүргізеді.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға басшылық жасайды және тікелей қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлікті және кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Кафедрада ғылыми-педагог кадрларды даярлауға басшылық жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, басып шығарылған монографияның немесе оқулықтың (оқу құралының), соңғы үш жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
6. Университет кафедрасы доцентінің (қауымдастырылған профессорының) лауазымдық міндеттері.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық және бітіру жұмыстарына (жобаларға), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Жетекшілік ететін пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік материалдарды, бітіру жұмыстарын (жобаларды) рецензиялауды жүргізеді.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға басшылық жасайды және тікелей қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлікті және кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Кафедрада ғылыми-педагог кадрларды даярлауға басшылық жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, басып шығарылған монографияның немесе оқулықтың (оқу құралының), соңғы үш жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
7. Университет кафедрасы аға оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық және бітіру жұмыстарына (жобаларға), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндер бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік материалдарға, бітіру жұмыстарына (жобаларға) рецензиялауды жүргізеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлікті және кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе подполковниктен төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы жылдар ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
8. Университет кафедрасы оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Жекелеген бағыттар бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндерді әдістемелік қамтамасыз етеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Әскери полиция органдары туралы», «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, подполковниктен төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы.
9. Әскери институт бастығының лауазымдық міндеттері.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, жалпыәскери жарғыларды және Әскери институт жарғысын жұмысында басшылыққа ала отырып, әскери институтты тікелей басқаруды жүзеге асырады және:
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға;
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыруға;
әскери институтты бітірушілердің даярлық сапасына;
тактикалық деңгейдегі кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;
кадрларды іріктеуге және орналастыруға;
жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне;
тұрақты құрамның кәсіби даярлығына;
жарғылық ішкі тәртіп пен реттілікке, әскерлер қызметінің жай-күйіне, жеке құрамның әскери тәрбиесіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызмет қауіпсіздігіне;
Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, ЖЖМ-ның және басқа да материалдық құралдардың жай-күйіне және сақталуына;
оқу-материалдық базаның, әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен сақталуына;
қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, шарттық және наразылық-талап қою жұмысына;
әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік-құқықтық қорғауға жауап береді.
Әскери институтты дамытудың мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. Қабылданатын шешімдер, материалдық құралдардың сақталуы және оларды тиімді пайдалану үшін жауапты болады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін білім беру және ғылыми процесті жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылыми және тәрбие қызметінің сапасы мен тиімділігін, жоғары білім беруді дамыту саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейін қамтамасыз етеді. Әскери институттың бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді.
Ең жаңа технологияларды пайдалану саласындағы жетістіктер, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және ұтымды пайдаланудың негізделген нормалары негізінде әскери институтты басқаруды ұйымдастырады.
Мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, аралас білім беру мекемелерімен байланысты ұйымдастырады. Әскери білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдайды.
Жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді.
Әскери институтты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, санаттар бойынша профессорлық-оқытушылар құрамының және жұмыскерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөніндегі шараларды қабылдайды. Кәсіптік білімдерін пайдалану мен дамыту және тәжірибе алмасу, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлестіруді, әскери оқу орны қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскердің өзіне тапсырылған іске және жалпы жұмыс нәтижелеріне материалдық мүдделілігі мен жауаптылығы қағидаттарын қолдануды, заңнамада белгіленген мерзімдерде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және оның орындалуын, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбегін ынталандыруды, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Өз өкілеттіктері шегінде әскери институттың қаржылық, экономикалық, шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, әскери оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды адамдарға – бастықтың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ функционалдық және әкімшілік бөлімшелердің басшыларына тапсырады. Құрылымды және штатты әзірлейді. Азаматтық персоналды қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттіктер шеңберінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Әскери оқу орнының қызметінде және оның шаруашылық- экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, қаржылық басқару кезінде құқық құралдарын пайдалануда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Сотта, төрелікте әскери оқу орнының мүліктік мүдделерін қорғайды. Мемлекеттік билік және басқару органдарында әскери оқу орны атынан сенімхатсыз әрекет етеді және мекеменің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жағдайлар жасау, сондай-ақ жалпы әскери оқу орнының қызметі үшін дербес жауапты болады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бағыттар бойынша әскери оқу орны қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп берулерді ұсынады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының ұлт