05 Қараша, 2016

Павлодарда 132 пәтер берілді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
051116-pavlodar Павлодардағы «Сарыарқа» шағын ауданында жаңа тұрғын үй ел игілігіне берілді. 132 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды, деп хабарлайды Bnews.kz. Пәтер кілтін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов тапсырды. «Бұл «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы жүзеге асырылғалы бері осымен үшнші үй ашылды. Бізде жаңа тұрғын үй кешенін құру үшін қажеттінің бәрі бар. Ендігі жерде екі қабатты ескі үйлерді бұзып, олардың орнына жаңа үйлер салу қажет. Болашақта тұрғын үй құрылысының көлемі бұдан да арта түседі деп ойлаймын», –­ деді өңір басшысы. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жаңа 12 қабатты тұрғын үй тұтас құрылыс технологиясы бойынша тұрғызылды. Жоба құны – 1,3 миллиард теңге. Барлығы 132 пәтердің 99-сі екі бөлмелі және 33-і үш бөлмелі. Бірінші қабатта балаларға арналған 15 үйірмесі бар техникалық мектеп орналасқан. Жаңа нысанның жалпы көлемі 7 мың шаршы метрден астам. Жыл басынан бері Павлодарда  75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Келесі жылы тағы  көп қабатты 10 нысан салынады деп күтілуде.