05 Қараша, 2016

АҚШ Иранға салған санкцияны ұзартты

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
051116-usa-and-iran АҚШ президенті Барак Обама 1979 жылы Иранға салынған санкцияны тағы бір жылға ұзартты. Ақ үй басшысы бұл шешімнің екі ел арасындағы қарым-қатынас әлі жақсара қоймағанына байланысты қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды delfi.lt Бұған дейін АҚШ конгресі санкция туралы заңның мерзімін созуды осы айдың екінші жартысында талқылайды деген мәлімет тараған. Сарапшылардың айтуынша, өкілдер палатасы құжатты тағы 10 жылға ұзартуы мүмкін деп отыр. Ал палатаның қарауында жатқан жоба бұрынғы құжатпен бірдей көрінеді. Иранға қарсы мұндай шараны 1979 жылдың 14 қарашасында Тегерандағы АҚШ елшілігін радикалды көзқарастағы студенттер басып алып, 52 дипломатты тұтқынға алғаннан кейін бекіткен болатын.