05 Қараша, 2016

Лаңкестердің әрекетінен 1 аптада 400-ден астам адам қаза тапты

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
051116-mosul Ирактың Мосул қаласында үкімет әскерімен соғысып жатқан «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» әрекетінен 180 мемлекеттік қызметкер қаза тапқан, сондай-ақ өздерінің 50 адамын атып тастады, деп хабарлайды interfax.az. Бұл туралы Біріккен Ұлттары Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, лаңкестер өз содырларын Каджали қаласын тастап кеткені үшін жазалаған. Сонымен қатар, Мосулда тағы 200 тұрғын опат болды деген ақпарат бар. Халықаралық көші-қон ұйымы Мосулда шабуыл бастағалы бері 22 мыңнан астам тұрғын қаладан кетуге мәжбүр болды деп мәлімдеді. Олардың 10 мыңға жуығы балалар.