06 Қараша, 2016

Қазақстандықтар кинотеатрларда жылына қанша ақша қалдырады?

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kino Қазақстандықтар жылына 70 млн. доллардан астам қаржысын кинотеатрларда қалдырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жылдан жылға прокатқа шығарылатын қазақстандық фильмдердің саны артып келеді. Орташа есеппен жылына 12 отандық кино шығарылса, оның жартысынан астамы «Қазақфильм» киностудиясына тиесілі. Елдің кинопрокат нарығында да өсім бар. Жылына 300-ден астам релиздің жиынтық кассалық түсім сомасы 70 млн. АҚШ долларынан асып түседі», - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Дегенмен, министрлік еліміздің мәдениет саласындағы маңызды стратегиялық жобалары ұлттық кино өндірісін дамыту үшін жасалатынын айтты. Бүгінгі күні «Қазақфильм» халықаралық арт-хаус жанрынан бастап коммерциялық, прокаттық және көрермендерге арналған түрлі жанрлардағы жобаларды жүзеге асыруда. Орташа есеппен алғанда «Қазақфильм» жыл сайын шамамен   10-ға жуық көркем фильм түсірсе, оның 6-7-сі ұлттық прокатқа шығарылады. «Соңғы жылдары қазақстандық кинематографияда жаңа фильмдерді шығару және көрермендер тарапынан қызығушылықтың артуы байқалады. Қазақстандағы прокаттағы ұлттық кино үлесі шамамен 10 пайызды құрайды. 2008 жылы қазақстандық кино көрермендерінің саны 4,5 пайызды құраса, өткен жылдың қорытындысында оның көлемі 10 пайызға дейін артып отыр», - деді министрліктен. Айта кетерлігі, 2008-2015 жылдары аралығында «Қазақфильм» киностудиясы түсірген 206 туынды әлемнің 52 еліндегі 208 фестиваль мен халықаралық көрсетілімдерге қатысқан болатын.