06 Қараша, 2016

ОҚО-да каратэ-додан ел біріншілігі басталды

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
dcf864e6-fa60-49da-8b60-7ea59a48edc2 Кеше Шымкенттегі жеңіл атлетикалық спорт кешенінде каратэ-додан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы  чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды egemen.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Спорттық шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР каратэ-до федерациясының Президенті, Бас прокурордың орынбасары М.Ахметжанов, ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ басқарма төрағасы А.Жұмағалиев, ҚР каратэ-до федерациясының  вице-Президенті Ж.Санауов пен каратэ-додан Қазақстан Республикасының бас бапкері П.Мансуров қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің ең басты оқиғасы болып табылатын егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында бастау алған ел біріншілігі республикамыздың басқа аймақтарынан келген 350-ден аса спортшының басын қосып отырғанын айтты. «Облыс тұрғындары атынан барша қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, қасиетті Оңтүстік Қазақстан облысына келгендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Осы сәтті пайдалана отырып, бүгінгі ел чемпионатының ашылуына арнайы келіп, қатысып отырған Қазақстан Республикасы каратэ-до федерациясының Құрметті Президенті Марат Ахметжановқа 2020 жылы Жапония елінде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына каратэ-до спортының енуімен шын жүректен құттықтаймын» -деді әкім.Үш күнге жалғасатын жарысқа Астана, Алматы қалалары мен  еліміздің әр өңірінен келген 24 салмақтағы 300-ден астам  спортшы қатысып, дүбірлі додада 10-13 жас аралығындағы ұл мен қыз бақ сынайды. Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында 3 облыстық, 8 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Онда 35 жаттықтырушы  832 балаға каратэ-додан оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді.