Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке қаланың Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті шұғыл қимыл жасайтын мотоциклет экипажы енгізілген жобаны көрсетті.
Бұл жоба «Алматы-2020» даму бағдарламасының «Қауіпсіз қала» тұжырымы аясында жасалған. Қала әкімдігі апатты-құтқару қондырғылары мен техникаларын алу және халықты түрлі жағдайлармен дер кезінде хабардар ету үшін тиісті қаржыны тұрақты бөлуде.
Қазіргі кезде қалада 15 өрт сөндіруші бөлімше бар, олардың өзара радиустары тиісті нормаға сай 3 км. Жедел іс- қимыл таныту үшін тағы да қосымша 15 бөлімше қажет.
Өз кезегінде көлік кептелістері өрт болған жерге жедел жету үшін көптеген қиындықтар туғызады. Яғни, шұғыл жетудің орташа уақыты 13 минут, кейде өрт сөндірушілер 20 минутта жетеді.
Бұл проблеманы шешу үшін жаңа өртке қарсы деполарды салу қажет. ТЖД халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, бөлімшелердің тиісті жерге тез арада жету әдістерін қарастыруда.
Қала көшеліріндегі кептелістерді ескере отырып, өрт болған жерге тез жетудің бірден бір жолы - өртке қарсы мотоциклдерді пайдалану. Өрт сөндіруші мотоциклдер Ресей, БАЭ, Қытай, Греция, Германия, Түркия бөлімшелерінде жүзеге асуда. Бұл жаңалық Қазақстанда алғаш рет қолға алынуда.
«ЯВА-660» өртке қарсы-құтқарушы мотоциклдері Алматы қаласы ТЖД-нің арнайы тапсырыс бойынша жасалған, ранц типтегі өрт сөндіретін затты пайдалана отырып, қолмен атқарылдатын қондырғы арқылы жұмыс істейді. Сұйық өрт сөндіретін зат бар, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіледі.
Мотоциклеттің міндеті - оқиға болған жерге тез арада жету әрі ТЖД негізгі күші келгенше өрт аумағын азайту.
Бүгінгі күні өрт сөндіруші 18 маман арнайы сертификаттар алды.
Өрт сөндіруші мотоциклдер жұмыстарының қаншалықты тиімді екенін алматылық құтқарушылар іс жүзінде байқап көрмек.