07 Қараша, 2016

Тараздағы дауыл 384 миллион теңге залал келтірді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
img_8758 3 қарашада Жамбыл облысында болған дауылдың салдарынан қанша залал келгені анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. "454 нысанға залал келтірілді - 36 көпқабатты үй мен 343 жер үй. Дауылдың салдарынан жалпы 384 миллион теңге залал келген. Тараз қаласы бойынша 50 нысан зардап шекті, 280,1 миллион теңге залал келді", - деді Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Мейірбек Пралиев. Сонымен қатар, әкімдіктегілер, қайта қалпына келтіру жұмыстарын облыстық бюджет қаржыландырады. Қазір қажетті құжаттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қайта қалпына келтірілетін болады. Ал жер үйде тұратын тұрғындарын өздерінің жылжымайтын мүлігін сақтандырмаған жағдайда, қайта қалпына келтіру жұмыстарын өздері жүргізетін болатынын айтты.