Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне Гүлнар Мергенованың кандидатурасы қаралды.
Г.Мергенованың кандидатурасы Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша ілгерілетілді. Сенаторлар үміткердің өмірбаянымен танысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Г. Мергенованың кандидатурасын палатаның қарауына енгізу ұйғарылды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.