08 Қараша, 2016

8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде тұман түседі. Республиканның шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады. Қызылорда облысында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды облысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін. Ақтөбе, Алматы облысының да кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ болады.