08 Қараша, 2016

Қызылордада 50-ге жуық көше аты өзгертілген

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11ac40a43a4ac258bbe0c58d35dfddfb Қызылордада соңғы уақыттары атауы өзгерген көшелердің жалпы саны елуге жуықтайды, деп хабарлайды egemen.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Халық қалаулылары көшелердің жаңа атауларын бірауыздан мақұлдады. Мәселен, бұдан былай «Сәулет -35» көшесі тікұшақ апатынан қаза болған Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қазыбек Төремановтың есімімен аталатын болады. «Сәулет-8» көшесіне - қарымды қаламгер, мәдениет қайраткері, аймақтың мәдени-ағарту, руханият саласына өзіндік үлес қосқан атпал азамат Оразбек Мақсұтұлының есімі берілді. Сондай-ақ, «Набережная», «Дачная» деген секілді көшелердің барлығы тұлғалардың және қазақы есімдермен аталады.