10 Наурыз, 2011

Оңтүстікте ахуал жақсара бастады

377 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Халқын ең үлкен байлығына балай­тын Оңтүстіктегі облыстық клиникалық балалар ауруханасы жаңадан салынған, жалпы аума­ғы 10 гектар жерді алып жатқан, ме­ди­ци­налық қондырғылары ха­лық­­ара­лық стан­дарт­тарға негіздеген жаңа ауруханаға көшіп жатыр Құ­ны 5 млрд. 743,8 млн. теңге тұра­тын мұндай клиника әзірге басқа облыстарда жоқ делінеді. Соны­мен қатар, жаңа, сәулетті Перзентхана үйі де пайдалануға берілмек. Бұл үл­кен жаңалықтарға облыс халқы қуанулы. Соңғы үш жылда облыс бойынша жыл сайын 70 мың сәби дүниеге келеді. Бұл еліміздің әр­бір төртінші тұрғыны. Салыс­ты­рып көрейік. Мәселен, Алматы об­лысында – 36235, Шығыс Қазақ­стан­да – 23646, Қос­танай облы­сында – 12314, Солтүстік Қа­зақстан облы­сын­да – 8526 бала іңгәлап дүние есігін ашады екен. Мемлекетімізді адам байлығы­мен еселеп, демографиялық ахуа­лын жақсартып отырған оңтүс­тік­тің денсаулық сақтау саласы кешегі дейін бораздаға мұрнын тесіп мұ­рындық салған кәрі өгіздей шықпа жаным шықпамен келе жатқан. Осы ахуалды жақсарту үшін республика тұрғай кешегі достастық елдерінде баламасы жоқ Қан орта­лы­ғы мен Ме­дициналық құрал жаб­дық­тарды залалсыз­дан­дыру, заман талабына сай ауруханалар салынды. Одан бері бірталай уақыт өтті. Атышу­лы ВИЧ оқиғасымен рес­пуб­ликаның түңдігін желпілдеткен Оңтүстіктің денсау­лығы­ның б­е­ті бері қарады. Бұрындары об­лыста ана, нәресте, құрт ауру­лары және жүрек-қан тамырлары ауру­лары бойынша өлім-жітім көп еді. Облыстық балалар клини­касы ау­ру­ханасы мен Перзентхана үйі пайдалануға берілу қарсаңында об­лыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының бастығы, медицина ғылым­дарының док­торы, профессор Жұмағали Қа­зыбайұлы Ис­­маилов­қа жолығып, көңіліміз­дегі сауал­дарға жауап алғанбыз. – Денсаулық сақтау саласы­ның ең үлкен көрсеткіші – адам өмірін сақтау. Оның ішіне әрине, ана мен бала өлімін азайту кіреді десек, осы бағытта тиянақ­ты жұ­мыс жасадық, – деді Жұма­ғали Қа­зы­байұлы. – Атап айтсақ, ден­саулық сақтау са­ла­сында ана мен бала өлімін тө­мен­дету мақсатымен облыс әкім­­ді­гінің, Денсау­лық сақтау министр­лі­гінің тікелей жетекшілігімен жү­йе­лі өзгеріс­тер орын алды: – 3 перинаталдық орталық қыз­мет етеді; – облыста республикамыз бо­йынша ал­ғаш рет неонаталды құ­ра­масы бар пери­на­тал­дық кө­мек­тің аумақтан­ды­рылуы ендірілді; – кеңес беру-көлік қызметі ұйым­дас­ты­рылды; – озат технологияларды ендіру ба­ғы­тын­да ЮНИСЕФ, ЮНФПА секілді халықаралық ұйымдары­мен әріптестік жұмыс жүргізілуде; – 4 тренинг-орталық құрылды. (Оның үшеуі перинаталдық орта­лық жа­нында, біреуі облыстық балалар ауруханасының жа­нын­да орналасқан); – онкологиялық аурулар диспансері жанында оперативті гинекология бо­йын­ша тренинг-орта­лық жұмыс істей бастады; – медициналық қызметкер­лер­ді жұ­­­мыс орындарында оқытуды ұйым­­дастыру мақ­сатымен облыс­қа рес­публикалық орталық­тар­дан, со­ны­­мен қатар алыс және жақын шетелден жетекші мамандар ша­қы­рылды; – босануға көмек көрсету мақ­са­тын­да тиімді перинаталдық технологиялар және ИВБДВ және РДРВ халықаралық бағдарла­ма­лары ендірілген. Жүзеге асқан іс-шаралар нә­ти­же­сінде, 2010 жылдың қоры­тын­дылары бойынша ана өлімінің көр­сеткіші 100 мың тірі туыл­­ған­дарға қатысты 26,4-ке дейін тө­мен­деді. Бұл – 28 пайыз. Осы он­жыл­дық­тағы ең төмен көр­сеткіш. Республи­ка­ның­ басқа  аймақ­та­ры­­мен салыс­тыр­­ғанда, Оң­түс­­тік 5-санатты орын­ды ием­деніп отыр. Сәби өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туыл­ғандарға қатысты 19,4-ті құра­ды. 2009 жылы бұл көрсеткіш 20,7 болатын, яғни 7 пайызға төмендеген. Облыстар ара­сын­да Оңтүстік Қазақстан үшінші орында келеді. Операциядан кейінгі сәби өлімінің көр­сеткіші 1,5 есе, яғни 46 пайыздан 30 пайызға дейін төмендеді. Балалар хи­рург­терінің, анестезиолог-реани­мато­лог­тары­ның, мейір­би­келердің бригада­сы Литваның, Израиль­дің, Ресейдің (Санкт-Петербург) жетекші кли­­ни­ка­ларында оқытудан өтті. Облыстың бас дәрігері жүрек-қан та­мыр­лары ауруларына бай­ла­нысты жа­сал­ған жұ­мыстарды төмендегінше жіліктеді: – ашық жүрекке 306 операция жүр­гізіліп, Польша кардио­лог­тары­ның қаты­суы­мен туа біткен жүрек ақаулары анық­талып, бала­ларға хи­рур­гиялық операциялар жасалды; – 2010 жылы алғаш рет екі камералы электрокардиоынталандырғыштарының имплан­та­циясы жүргізіліп, интраопера­циялық телемедицина өткізілді; 2003 жыл­­дан бері «Мейірімді жүрек» ашық қоғамы қызмет етеді. 2010 жылдағы туберкулез аурулары бо­й­ын­ша эпи­демиологиялық жағ­дай 2005 жыл­­мен са­лыстырғанда, тұ­рақ­­тану тен­ден­ция­сына ие. Ауру­ға шалдығу көр­сеткіші 24,4%-ға тө­мен­деді, яғни 100 мың тұрғынға қа­тысты 74,4%-ды құрап отыр. Бұл көр­сеткіш 2005 жы­лы 98,4 % бо­ла­тын. Өлім 36,4%-ға төмендеді. Республикалық туберкулез про­­б­ле­ма­ла­ры­ның ұлттық орта­лы­ғын тартумен туберкулез қыз­метін тұ­та­сымен қайта құру ша­ра­лары жүр­­гізілді. Атап айтқанда: нау­қас­тар түсімін туберкулезге қар­сы ұйым­­дарда бөлу; облыстың барлық ау­дан­­дары мен қала­ларын­да бак­те­рио­­ско­пиялық зертханалар құрыл­ды. БАКТЕК әдісімен экс­пресс-диагностика жасау жұмысы жүйеге келтірілді: алдын ала анықтау ісі жақ­сарды (флюорография, бактериоскопия, 1 және 2 қатардағы пре­па­рат­тар­ға сезімталдықты бактерио­скопиялық анық­тау); материал­дық-техникалық база күшей­тіл­ді. Рес­пуб­ли­ка­лық бюджет есебінен об­лыс­тағы туберкулезге қарсы ұйым­дарға ста­цио­нар­лық көпфунк­цио­нал­ды диаг­нос­ти­ка­лық рент­­ген ап­паратының 9 данасы сатып алын­­­ды; КУИС жүйе­сімен ведомство­ара­лық өзара әре­кет­тесу жоспары түзіліп, қол қой­ыл­ды. Бұл жоспар соттал­ған, жаза тарту ор­ындарынан боса­тыл­ған науқас­тарды, емдеуді талап ететіндерді ілес­тіріп жүруді, «қол­дан қолға» тапсыруды қамтамасыз етуі тиіс. Облыстың денсаулық сақтау бас­қарма­сының бастығы басқа са­ла­лар бойынша да осындай жұ­мыс­тар жүргізіліп жатқанын ай­та­ды. Бірінде көрсеткіш жоғары, бірінде орта. Көңілге түйгеніміз, төмендеу жоқ. Бұл – облыстың медицинасы аузымен құс тістеп тұр деуге келмегенімен, жұмыс жаса­лып жатқанын байқатады. Жоғарыда баяндалған деректер ауадан алынған жоқ. Облыста жа­сал­ған жұмыс­тар­дың жемісі, облыс медицина қызмет­кер­лері­­нің маңдайтерінің өтеуі, кәсіби бі­лік­ті­ліктің қайтарымы. Облыс­тық денсау­лық сақ­тау басқарма­сының бастығы Жұ­­ма­ғали Исмаилов бастаған ұжым­н­ың жұ­мыс­ты дұрыс жүйеге қоя алғандығының дәлелі. Жұмағали Қазыбайұлы – жа­ңашыл ға­лым. Республиканың, об­лыстың шең­бе­рін­де қалып, қаза­нында қайнау жыл­дар өте  же­місін бергенімен, көп уақытты жеп қоя­ды. Оның үстіне шетелге мамандар жіберіп оқыту үнемі практикамен ұштаспағаннан кейін күткен нәтижеге жеткізе бермейді. Облыс медицинасына серпінді қадам­ды өзі іздеген. Тапты. Литвадан. КСРО құр­сауы­нан босаған ме­зетте-ақ 1991 жылы меди­цина­ның халықаралық стан­дартына өтіп кеткен литвалық ағайындар Қазақ­стан­ды қой­ып, алып Ресей­дің өзі­нің алдын орап кетіпті. Меди­ци­на­лық көп көрсеткіш­тер бойынша. Жұмағали Қазы­бай­ұлы неге Литва медици­на­сына таңдау жасағанын былайша түсін­дірген. Біріншіден, екі мемлекет те КСРО-ның шекпенінен шықты. Яғни, көргені, білгені бір жүйе болған. Екіншіден, литвалықтар евро­стан­дарт­қа 1991 жылы кіріп, ха­лық­ара­лық жетіс­тік­тер­дің дәмін алды­мен татты. Олардың дәрігер­лері Еуропа елдерінің кез келген клиника­ла­ры­на бөгетсіз алынады. Үшін­ші­­ден, тілдік қиындық жоқ. Өзге елдің дәрігерлерімен неміс және ағылшын тілдерінде сөйле­сіп, дәріс алуға қазақстандық дә­рі­­герлердің басым көпшілігінің тілі сына бермейді. Ал Каунас уни­верситетінің кли­ни­касы­ның професорлар қауымымен орыс тілінде еркін шүйіркелесіп, практи­калық сабақ алуға әбден болады. Каунас дәрігерлері Оңтүстікке араға ай салып екі бригадамен екі рет келген. Түрлі дерттер бойын­ша операция жаса­ды, жаңа туған сәбилерді сырқатқа ұрын­дыр­мау­дың тиімді жолдарын іс бары­сында көрсетті. Еуропа елдерінде үлкен беделге ие профессорлар Рута Наримаускене мен Варимтас Бараускастар мастер-класс өткізді. Жұмағали Қазыбайұлы да ар­найы ша­қыртумен Каунас уни­вер­си­тетінің клини­касында өткен ха­лық­аралық конферен­ция­ға қатыс­қан. Сөйтіп, екі тарап үш жыл­ға ме­­морандумға қол қойды. Яғни, Кау­нас кли­никасының білікті дәрі­г­ер­лері Оңтүс­тікке өз қон­дыр­ғы, құрал­дары­мен келіп, ота жасап, облыстың дәрігерлерін меди­ци­на­дағы озық әдістерге үйретуге міндеттенді. Ал, облыс дәрігерлері өз кезегінде Каунас клиникасында өн­ді­рістік практикадан өтеді, сабақ ала­ды. Осы процестің үздіксіз өте­тін­ді­гін ескерсеңіз, бұл шетелде 15-20 дәрігерді қы­руар қаржымен дәріс тыңдап қайтуға жіберу емес, об­лыс­тың жоғары жә­не орта буын дә­ріг­ер­лерінің басым көпші­лі­гіне евростандарт биігінде біліктілік дең­гей­ін көтеру болмақ. Оңтүстік пен Литваның ұқсас жері екеуінде де халық саны шамалас. Мың сәбиге шаққанда бала өлімі төрт есе тө­мен Балтық жа­ға­лауындағы елден үй­ре­нер жайттар көп. Облыс әкімінің рұқ­­саты­мен Оңтүстіктің 20 бас дәрі­гері Литвада болып, менеджерлікке оқып қайт­ты. Он­дағы әріптес­терінің жұмыс прак­тикасын көр­ді. Аз олжа болмаса керек. Каунаста балалар педиа­т­рия­сы, кардио-хирургия сияқты орта­лық­тарды ара­лап жүр­генде оңтүс­тіктің бас дәрі­гері жа­санды жү­рек­пен қоларбасын зырыл­датып айдап жүр­ген сырқатты көріп таң қа­лып­ты. Донор күтіп жүргенге ұқсайды. Бізге таң болғаны­мен, оларға үйреншікті жағ­дай. Озық медицинаның жемісі. Ондай болмақ қайда деп айту­ға болмас. Еуропаның тәлі­мін ал­ған Каунас кли­никасы Оңтүс­тік­ке дәріс берсе, көрші об­лыс­тар мұн­дағы кадрларға қазірден құда түсіп жатыр. Жұмағали Қазыбайұлы білім беруді жүйе­лендіру үшін Шымкентте жыл сайын халықаралық конференция өткізуге даяр­лық жұмыстарын жүргізіп келеді. Мықты санат­тағы профессорлар келеді. Апталап мастер-кластар өткізеді. Тренинг орта­лық­тарымен жұмыс жасайды. Жүз­д­еген дәрі­герлер біліктілігін көтереді. Міне, бұл жұмыс. Облыстың бас дәрі­гері осы жұмыстарды үйлестіруде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің көп көмек көр­сетіп отырғанын айтқан. Иә, бізді қуантқаны көп жылдан бері ма­териалдық-техникалық база­сы сын көтер­мей, соңынан жел сөз ілесіп жүретін Оң­түс­тік медицина­сының көші түзел­ген­дігі. Ел үшін ең бастысы да осы. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.