16 Қараша, 2016

Дэниел Ергиннің тағы бір кітабы қазақ тілінде шықты

691 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
unnamed Америкалық зерттеуші ғалым, энергетика, халықаралық саясат және экономика саласындағы танымал қайраткер, жазушы, Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Ергиннің «TheQuest» деп аталатын кітабы қазақ тілінде жарыққа шықты. Бұл Д.Ергиннің қазақ тіліне аударылған екінші кітабы. Бұған дейін, нақты айтқанда, 2013 жылы оның «ThePrize» кітабы «ҚАЗЫНА. Мұнай, ақша, билік үшін күрестің бүкіләлемдік тарихы» деген атаумен аударылған болатын. Автордың осы «ThePrize» кітабы Пулицер сыйлығына ие болған. Ал бүгін таныстырылымы өткен «ЭНЕРГИЯ көздерін іздестіру жолында ресурстар шайқасы, жаңа технологиялар және энергетика болашағы» деп аталған еңбегі осы кітаптың жалғасы. unnamed-1 Автордың айтуына қарағанда, бұл еңбек 5 жылдың зерттеулердің негізінде жазылған. Онда қазіргі энергетикалық әлем мен оның болашақты құрылымдауға қатысты динамикасының толық талдауы көрсетілген. «Мен үшін бұл кітапты қазақ тілді оқырманға ұсыну аса маңызды. Бұл геосаясат, қауіпсіздік, технология, инновациялар мен мұнай ландшафтындағы энергетикалық күштердің соңғы жиырма жылдағы зерттеуі», - дейді Д.Ергин. 15134196_1124489464264819_1084489311_o Кітапты қазақ тіліне аударуға «Астана» Халықаралық қаржы Орталығы қолдау көрсеткен. Жалпы редакциясын Қайрат Келімбетов басқарған. «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қ.Келімбетовтің айтуынша, бұл мұнай индустриясының тарихы, ал Д.Ергин энергетика және халықаралық саясат пен экономикадағы беделді сарапшы ретінде аса маңызды деректермен бөліседі. unnamed-2 «Біздің оқырмандарымыз үшін кітап аса құнды, себебі Қазақстан мұнай өндіруші ел ретінде 100 жылдан астам тарихқа ие. Сондықтан ресурстарды тиімді пайдалану алғышарттарын жақсылап түйсіну керек», деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, бұл кітап энергетикалық нарықтағы қазіргі ахуалды өзгертетін жаңа энергия көзін табуға әсер ететін «қиратушы технологияның» пайда болу мүмкіндігімен де қызықты. Осылайша қазақ тілді кітап қоры оқырманын қуантып, сиректеу кездесетін экономикалық тақырыптағы тағы бір еңбекпен толықты. Динара БІТІКОВА, "Егемен Қазақстан".