ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Inalca Eurasia италиялық компаниясы өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазіргі таңда 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 61-ші қадамы «Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту» бойынша Министрлікпен Inalca Eurasia компаниясының (Сremonіni Group атынан) арасында Алматы облысындағы ет кластерін құру инвестициялық жобасын дамыту мәселелерін шешуде бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Мал бордақылау алаңдарының қуаттылығы 10000-нан 20000-ға дейін мал басын қамтып, ет комбинатында мал сою көрсеткіші аптасына 1500-2000 басты құрайтын болады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Inalca Eurasia компаниясы еліміздің мал шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпорынының бірі - Ақтөбе облысындағы «Актеп» ЖШС-мен меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында жалпы қуаттылығы бір мезгілде 44 мың бас малды қамти алатын бордақылау алаңдарын салу үшін тігінен интеграцияланған компания құруды, сонымен қатар, ет комбинатының қуатын 20 мың тонна ет және ет өнімдеріне дейінгі шекке ұлғайта отырып жаңғырту жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Айта кетейік, Cremonini 1963 жылы Италияда құрылған және бүгінде ондағы азық-түлік өндірісі саласындағы ірі топтың бірі. 2008 жылы аталған концерннің табысы 2007 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ға көтеріліп, 2,2 млрд. евроны құрады. Табыстың 41 %-ы өндіріс сегментіне (сиыр еті, шұжық және жеңіл тамақ өндірісіне), 41 %-ы азық-түлікке бөлінсе, 18%-ы қоғамдық тамақтану кәсіпорынын ұйымдастыруға жұмсалды. EBITDA 5%-ға көтеріліп 133 млн. евро болса, шоғырландырылған табыс 2008 жылы 39 млн. евроны құрады. ( 2007 жылы 12,7 евроны құраған болатын).
Бүгінгі таңда Cremonini Group Еуропадағы аса маңызды азық-түлік тобының бірі және де үш бизнес бағытта жұмыс жасауда: өндіріс, тарату және қоғамдық тамақтану. Аталған топ ірі қара мал етін өндіру мен ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша Италия аумағында көш бастап тұр («Иналка ДжиБиЭс» және «Монтана»). Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына жылжыту мен тарату бойынша да алдыңғы орында («МАРР»).
Бұдан бөлек, бұл топ пойыздар бортында, вокзалдарда, әуежайлар мен автомобиль жолдарында қоғамдық тамақтану бойынша концессияларға ие (Chef Express) және де компания «стейкхауз» (Roadhouse Grill) желісінде де көрініс беріп тұр. Өндіріс саласындағы халықаралық іс-қимылдар негізінен Еуропа, Ресей және бірқатар Африка елдерінің (Ангола, Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Алжир, Нигерия) айналасында өрбуде. Компания пойыздар бортында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша Еуропадағы айтулы көшбасшы болып табылады және өзінің еншілес компанияларымен бірге Франция, Испания, Британия және Белгияда да басымдыққа ие.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30
Өскеменде жарылыстан кейін ауа сапасы нашарлады ма?
Экология • Бүгін, 14:21
Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды
Энергетика • Бүгін, 14:02
Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды
Спорт • Бүгін, 13:40
ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды
Қылмыс • Бүгін, 13:22
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Оқиға • Бүгін, 13:01