17 Қараша, 2016

Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия отырысы өтті

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Жиын барысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі ұсыныстары талқыланды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшілік орган болып саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою жөніндегі ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заңдар жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсынымдарды қарастырады. Комиссия мүшелері отырыс қорытындысы бойынша марапаттау үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын кандидаттарды анықтады. Мемлекеттік наградаларды тапсыру дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.