17 Қараша, 2016

«Дарын» сыйлығын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
bir Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде аталмыш ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалық етуімен ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет әртүрлі номинациялар бойынша берiледi. eki Үстіміздегі жылдың 4 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөнінде конкурс жарияланған болатын. Үміткерлерден өтінімдер ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі мен 25 қазаны аралығында қабылданды. Нәтижесінде барлығы 126 өтінім келіп түсті. Оның ішінде «Театр және кино» номинациясы бойынша - 20, «Журналистика» - 9, «Әдебиет» - 6, «Спорт» - 13, «Эстрада» - 13, «Класссикалық музыка» - 11, «Халық шығармашылығы» - 9, «Дизайн және бейнелеу өнері» - 9, «Ғылым» - 23, «Қоғамдық қызмет» 13 өтінім. 2016 жылғы 1-9 қараша аралығында аталған номинациялар бойынша («Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Ғылым және қоғамдық қызмет», «Спорт») секция отырыстары өткізілді.