17 Қараша, 2016

Журналистер жарысты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәліктің Алма­ты­дағы шахмат академиясында «Қа­зақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігіне қарасты «Ақиқат» журна­лының жүлдесі үшін журналистер арасында ұйым­дастырылған  шаx­мат турнирі биыл төртінші рет өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кен­жалин жарысқа қатысу­шыларға сәттілік ті­лей отырып, осы бір аса ж­­о­­ғары деңгейдегі интел­лек­туалдық ойын­ды қолдауға ынталы кәсіпорындар мен азамат­тардың қатары көбеюіне тілектестік біл­дірді. Бұдан кейін аталған академия директорының орынбасары, Жансаяның анасы Алма Әшірова, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім сөз сөйледі. Жарыс қоры­тын­ды­сында бірінші орынды «Ұйғыр авази» газетінің меншікті тілшісі Арсилан Алахунов жеңіп алды. Екінші орынға журналист Асқар Беков көтерілсе, үшінші орынды Қазақ радиосының қызметкері Амангелді Жоламанов пен «Ана тілі» газетінің  бөлім редакторы Нұрлан Құмар мен Қазақстан ұлт­тық арнасының қыз­меткері Талғат Еру­баев өзара бөлісті. Ал «Арыс» баспасының қыз­мет­кері Мақсот Ізімұлы, «Эко­номика» газеті редак­то­рының орынбасары Аман­гелді Шопан, ардагер журналистер Аян  Ны­саналин  мен Мама­дияр Жақып арнайы жүл­деге ие болып, алғыс хаттармен  марапатталды. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»