17 Қараша, 2016

Қызылорда халқы профессор Айдосовты еске алды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 Қызылордада қоғам қайраткері, профессор Абылай Айдосовтың 80 жылдығына арналған  шаралар өтті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Абылай Айдосов атындағы аудитория ашылды. Қала көшелерінің біріне ғалымның аты берілді. Сондай-ақ, университет қабырғасында Айдосовтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 2 Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев конференцияда сөз сөйлеп, Абылай Айдосовтың аймақ дамуына қосқан үлесі туралы айтты. - Абылай Хангерейұлы «Жақаевшылар» қозғалысының мәртебесін көтере білген мықты идеолог болды. Оның қатарына тек қана гектарына 40 центнерден жоғары күріш өнімін алғандар қосылды. Абылай Айдосов Арал теңізінің экологиялық және әлеуметтік жағдайының зерттелуін әлемдік деңгейге көтерді. Оның ұсынысы бойынша 2004 жылы шілдеде «Арал өңірі экологиясын әлеуметтік зерттеу» орталығы құрылды,- деді облыс әкімі. 3 Конференция барысында Айдосовтың әріптестері, достары және шәкірттері ғалымның еңбек жолы мен Отанына деген махаббаты, қарапайымдылығы турасындағы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді. 4