11 Наурыз, 2011

Арқалық театры Астанада

585 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12 наурыз  күні Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалы драма театрының сахнасында Арқалық қалалық қазақ жасөспірімдер театры  талғамы жоғары астаналық көрермендердің назарына танымал жазушы Несіпбек Айтұлының  «Тілеп-Сарықыз» хиссасын ұсынбақ. 10 жыл бойына көрермен көз­айымына айналған «Арқалық қа­зақ жасөспірімдер театры» МКҚК-нің  бұл қойылымына  жасөс­пі­рім­дер театрының 20 әртісі тар­тылған. «Тілеп-Сарықыз» хисса­сының негізгі өзегі мәңгілік жыр – махаббат. «Арқалық қазақ жасөспірім­дер театры» МКҚК-нің бүгінгі таңда  репертуарында 47 қойы­лым – 20 драма, 9 комедия, 18 балаларға арналған ертегісі бар. Театрдың  бас директоры,     ҚР Мәдениет қайраткері Отаркүл Ор­дабаева  Қазақстанда тұңғыш рет құрылған фольклорлы-этно­графиялық «Шертер» ансамблі­нің негізін қалаушылардың бірі.     Театр ұжымы жыл сайын кө­рер­мендер назарына тың жобалар мен қойылымдар ұсынып отыр. Бүгінгі таңда   Жанат Хаджиев, Сағызбай Қарабалин, Татьяна Рахишева, Ғазиз Арынов сынды танымал режиссерлер еңбек етуде. Қостанай облысының Арқа­лық қаласында қоныс тепкен театр ұжымының қатарында  Бөлті­рік Молдашев, Күлай Ахметова,  Рая Байкөбен, Ерхан Барақов, Оразбек Нұрғали, Бағнұр Молдашев сынды танымал өнер тар­ландары бар. Сахна әлемінің құдіретін енді сезе бастаған талантты жастардың қатарында  Әлібек Манетов, Бақыткүл Ордабаева, Талғат Бек, Дәурен Ордабаев, Нұрлан Байшин есім­дерін  мақтанышпен айта аламыз. Торғай жұрты театрды жақсы көреді, көрерменнің қойылымға келуі де жаман емес. Респуб­ли­калық театрлар фестиваліне жиі қатысып, дипломдармен, Мәде­ниет ми­нистрлігінің  алғыс хат­та­ры­мен марапатталған театр ұжы­мы Астанаға гастрольдік  са­па­рына жоғары дең­гейде дай­ын­далды. Торғайлық өнер ұжы­мын күткен астаналық­тар үшін бұл жағымды жаңалық болып отыр. Қуанышбай ЖҰМАБАЙҰЛЫ.