17 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №662

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 5 қараша, Астана, Үкімет Үйі Атырау облысының кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мынадай мемлекеттік білім беру мекемелері: 1) Атырау облысы «Индер ауданы Кулагин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі; 2) Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Ганюшкин мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі – «Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ