17 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №680

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 8 қараша  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы №680 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы №1406 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №48, 482-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы №1406 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы №1292 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №48, 538-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы №1406 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі №442 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №18, 226-құжат.