18 Қараша, 2016

Бразилия Универсиадаға қатысады

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20161118160128 Бразилия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Саржанов Бразилияның Спорт министрі Леонардо Пиччианимен кездесу өткізді. Кездесу барысында министрге Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздігінде қол жеткізген жетістіктері туралы баяндады және Қазақстан мен Бразилияның спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастығының дамуын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен. Қазақстандық дипмиссияның басшысы Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындардың сәтті өткендігін атап өтіп, қазақстандық спортшылар ойындардың ең белсеңді қатысушыларының бірі болғандығын басып айтты. Елші Қазақстан мен Бразилия үлкен олимпиадалық жетістіктерге қол жеткізіп, өздерінің Олимпиадалық ойындарға қатысу тарихтарында бірінші рет сәйкесінше 17 және 19 медальды жеңіп, рекордтық нәтиже көрсеткендеріне тоқталды. Өз кезегіңде, Бразилияның Спорт министрі қазақстандық құраманың дайындығына жоғары баға беріп, қазақстандық спортшылардың бокс, ауыр атлетика және жүзу бойынша спорт жарыстарында көрсеткен өнері тек бразилиялық аудиторияның есінде ғана қалып қоймай, әлемдегі бүкіл спорт жаңашырларын тәнті қылдырғандығын айтты. [caption id="attachment_75373" align="alignnone" width="800"]17 de Қарembro de 2016 - Min Leonardo Picciani recebe oEmbaixador do , KAIRAT SARZHANOV. Foto: Roberto Castro/ME 17 de Қарembro de 2016 - Min Leonardo Picciani recebe oEmbaixador do , KAIRAT SARZHANOV. Foto: Roberto Castro/ME[/caption] Тараптар келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға бразилиялық спортшылардың қатысуына бөлек тоқталды. Елші Министрге келе жатқан іс-шара туралы презентациялық материалдарды ұсынып, Универсиадаға бразилиялық спортшылар мен жанкүйерлердің қатысатындығына үміт білдірді. Бұл орайда, ол қыркүйек айында күшіне енген елдеріміз арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім Қазақстан мен Бразилия арасындағы спорттық байланыстар мен туристтер легінің артуына әкеліп соқтыратынын атап өтті. Л.Пиччиани халықаралық дәрежедегі осындай маңызды спорт іс-шарасына бразилиялық тараптың қатысуын қамтамасыз етуде өз қолғабысын тигізетініне сендірді. Тараптар спорттың халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратынына, ал елдің спорттық жетістіктері мемлекеттің шетелдегі жағымды бейнесін құратынына, мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті жақсарта отырып, адамдарды одан сайын ынтамақтастыққа шақыратынына келісті.