Батыс Қазақстан облысының бюджеті 3,2 млрд. теңгеге нақтыланып, кірістері мен шығыстары бойынша 134,7 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 7-сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараевтың мәлім еткеніндей, өңір бюджетінің осынша көлемде нақтылануы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қосымша бөлінетін 1698,9 млн. теңгенің мақсатты трансферттеріне, облыстық бюджет кіріс болжамының 677,6 млн. теңгеге түзетілуі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында 877,2 млн. теңге қаражаттың қайта бөлінуіне байланысты болып отыр. Соның ішінде мақсатты трансферттер есебінен 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында агроөнеркәсіп кешенін қолдауға - 1028,8 млн. теңге, газ тасымалдау жүйесін дамытуға - 700 млн. теңге, мектептерді салу мен қайта құруға 293,2 млн. теңге берілмек. Есесіне «Өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша трансферттер 681 млн. теңгеге азайтылды. Сонымен қатар облыстық бюджеттен денсаулық сақтауға 11,9 млн. теңге, ауыл шаруашылығына 20,3 млн. теңге, мәдениет пен спортқа 99,5 млн. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 475,5 млн. теңге қосымша қаржы бөлінбек. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында алты бірдей нысанды күрделі жөндеуге 236,8 млн. теңге қаралды. Атап айтқанда, бір-бірден білім беру мен денсаулық сақтау нысандары, Зеленов, Қазталов, Теректі аудандарында жол жөндеу бойынша төрт жоба қаржыландырылды. Оған қоса құрылысы басталған нысандарды салуға 204 млн. теңге жұмсалмақшы.
Сессияда Елбасы Жарлығына сәйкес облыс әкімі Алтай Көлгінов депутаттар алдында есеп беріп, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тойланатын биылғы жылдың он айында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң көрсеткіштер бар екендігін атап көрсетті.

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35