19 Қараша, 2016

Шаршы алаңда – Ковалев пен Уорд

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Хабар» телеарнасы 20 қараша күні таңғы сағат 9-да тікелей эфирден жартылай ауыр салмақ санатында өнер көрсететін Сергей Ковалев пен Андре Уорд арасындағы WBA Super, IBF, WBO титулдары үшін жекпе-жекті көрсетеді. Жұдырықтасу АҚШ Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» спорт аренасында өтеді. Сергей Ковалев – 33 жастағы ресейлік кәсіпқой боксшы. WBA Super, IBF, WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 2014 жылы The Ring, WBO, Sports Illustrated, USA Today журналдарының нұсқасы бойынша үздік боксшы атанды. Андре Уорд – 32 жастағы америкалық кәсіпқой боксшы. WBA, WBC, The Ring нұсқасы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы. 2004 жылы кәсіпқой бокста өнер көрсете бастады.