Уақыт зымырап өтіп жатыр. Замандар ауысып, қоғамдық құрылыстар да өзгеріске ұшырайды. Бірақ, бағзы замандардан бері жалғасын тауып келе жатқан жыраулық өнер қазақ ауыз әдебиетінің алтын көмбесі ретінде ұрпаққа мұра болып, жаңа үйлесім тауып, дамып келеді.
Небір дүлдүл жыраулар халық жадында қалды. Бұқар жырау, Сыпыра жырау, Ақтамберді, Жиенбай жырау...
Осылай қазақтың ауызша тарихының ірі тұлғалары санаға келе береді.
Жыраулық, термешілік мектеп Сыр өңірінде ұзақ сақталды. Қаймағы бұзылмаған өнердің Шораяқтың Омары, Жүсіптің Мұзафары, Кете Жүсіп Ешниязов сынды жыршы-термешілері қазақтың жүрек архивінде сақтаулы. Солардың арасында Рүстембек жыраудың ерекше орны бар еді. Күні кеше дүниеден өткен шығыстанушы ғалым, профессор Өтеген Күмісбаев: «... Рүстембек жыр айтқанда көмекейінде бүркіттің басындай бірдеме ойнап жүріп, жүйткіп жөнелетін. Қайран, қасиетті елімнің қыран жыраулары-ай!» деп тамсана жазып еді. Сол Рүстембек – Жиенбай жыраудың баласы, ал Көшеней – немересі. Жастайынан термешілік, жыраулық дәстүрдің атын шығарған Көшеней жырауды қазақ әлі ұмыта қойған жоқ. 28 жасында Мәскеуде опат болған Көшеней тәлімі ұлттың жадында.
Көшеней жүрген жерде бүкіл қазақтың рухы ілесіп жүретін. Ол 1946 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келді. Көшеней Рүстембеков 1969-1970 жылдары Мәскеудегі атақты М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыды. Оған атақты фольклортанушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары Оразгүл Нұрмағамбетова мен Мардан Байділдаев қамқорлық жасады.
Әттең, дүние! Қапыда электричка сүйреп кетпегенде, тірі болғанда қаншама жыр-терме жазылып алынар еді. Бірақ, соңында ұлы, қалың елі қазағы қалды. Көшенейдің жыр мектебі бар. Бүгінде олар қазақ сахнасына көрік беріп жүр.
Биыл Көшеней Рүстембековтің туғанына 70 жыл толып отыр. Осындай жырау-термеші әулетінің алтын сынығы Көшенейді елі туған топырағы ұмытпағаны қуантады. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бас болып жыр дүлдүлі Көшеней Рүстембековті еске алу жиындарын және көптеген мәдени-рухани шараларын өткізгелі жатыр. Құтты болсын! Өнерпаз ұлын ұлықтай алатын Сыр сүлейлері еліне рахмет айтамыз!
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
Шөмішбай САРИЕВ,
Көшербай ДӘУЛЕТБАЕВ,
Шәміл ӘБІЛТАЕВ,
Қазақстан Республикасының
Еңбек сіңірген қайраткерлері

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10