19 Қараша, 2016

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобасы талқыланды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын талқылау жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес барысында қатысушылар 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылады. Әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері – мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, тауар өндірісіне ұсақ өндірушілерді тарту және өнімді өткізу мен қайта өңдеудің әрекетті жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатты экспорт саясатын іске асыру және органикалық өнімдердің қазақстандық брендін алға жылжыту.