19 Қараша, 2016

Бауырлас ел әдебиетінің бірегей өкілі еді

428 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
a-aripov-1992-zhyly-ozbekstan-res­pub­liБүгінгі өзбек поэзиясының аса көрнекті өкілі, Өзбекстанның Мемлекеттік гимнінің сөзін жазған Өзбекстанның халық ақыны Абдулла Арипов ұзаққа созылған ауыр науқастан соң 76 жасында АҚШ-тың Хьюстон қаласында дүниеден озды. Абдулла шайырдың шығармалары туысқан өзбек поэзиясының тұтас бір дәуірін қамтиды десек болады. Ұлттық поэ­зияның рухын асқақтатқан ақынның шы­ғармалары оқырмандары тарапынан да, мем­лекет тарапынан да жоғары бағаланды. Қашқадария облысының Қасан ауда­нын­да дүниеге келген Арипов жастайы­нан әдебиетке, білімге құштар болды. Орта мектепті алтын медальмен бітірді. Әде­биет­ке деген құштарлығы оны Ташкент мемлекеттік университеті өзбек фило­ло­гия­сының журналистика бөліміне әкелді. Жо­ғары оқу орнын да үздік бітірген бо­ла­шақ ақын еңбек жолын «Ёш гвардия» бас­пасында редактор болып бастап, кейін Ғафур Ғулам атындағы әдебиет және өнер бас­пасында редактор, бас редактор, «Шарқ юл­дузи» («Шығыс жұлдызы») журналында бө­лім меңгерушісі болды. Ақын қай жерде де өзбек әдебиетінің бе­де­лін биіктету үшін тынымсыз еңбек ет­ті. Өзбекстан Жазушылар одағында әде­би консультант болғанда да, «Гулхан» жур­налының бас редакторы болғанда да Арипов өзінің еңбекқорлығымен танылып, жур­налдың мазмұнын биіктетті. Ұзақ жыл Өзбекстан Жазушылар одағын басқарды. А.Ариповтің ел үшін атқарған қызметі өз алдына да, жазған шығармалары бір тө­бе. Шайырдың 1965 жылы жарық көр­ген «Кішкентай жұлдызша» кітабы өз­бек поэ­зиясына болмысы, көркемдік қол­таң­басы бөлек ерек ақынның келгендігін әйгілегендей еді. Ақынның поэзия әлемін­де­гі кеңістігі тақырыптық жағынан да, көр­кем­дік жағынан да барған сайын ке­ме­­лі­не келіп, толыса берді. «Менің рухым», «Өзбекстан», «Отан самалы», «Өт­кен жыл­дардың арманы», «Мінәжат» шы­ғар­малары өзбек оқырмандарының іздеп жүріп оқитын туындыларына айналды. А.Ариповтің қолтаңбасы туған хал­қы­ның тағдыр-талайымен тікелей байла­ныс­ты. Оның «Ұлы Тимур» поэмасын жұртшылықтың сүйіп оқитыны да сон­дықтан. Әрине, бұл шығарма Өзбекстан тә­у­ел­сіздік алғаннан кейін дүниеге келген-ді. Тәуелсіздік алғаннан кейін демекші, А.Арипов – 1992 жылы Өзбекстан Рес­пуб­ликасы Жоғарғы Кеңесінің он бірінші сес­сиясында қабылданған Өзбекстан Рес­публикасы Мемлекеттік гимні сөзінің авторы. Абдулла Арипов Өзбекстан пар­ла­ментінің бірінші, екінші ша­қы­ры­лым­дары­ның депутаты болып сайланды. Шайырдың өз­бек­тің әдебиеті мен өнерін дамытудағы ең­бегі жоғары бағаланып, әуелі Хамза атын­дағы Өзбек КСР-і Мемлекеттік сый­лығының лауреаты, Өзбек КСР-інің ха­лық ақыны (1983) атағына ие болса, ел тәуелсіздік алғаннан кейін Әлішер Нау­аиы атындағы Өзбекстан Республикасы Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1994). Ал 1998 жылы оған «Өзбекстан Бат­ыры» атағы берілді. Ғабит ІСКЕНДІРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»