12 Наурыз, 2011

Үш дүркін әлем чемпионы

750 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Семейлік жас өрен Жанәділ Талдыбаев спортта да, математикада да Қазақстанның атақ-даңқын шығарып жүр Дарынымен дараланған Жан­әділ небәрі 15 жаста. Ол кара­тэмен шұғылданған жеті жылда шырқау биіктерге көтерілді. Бір сүйініштісі, Жанәділ спортта ға­на емес, физика-математика пә­ні­нің құпиясына терең бойлап, бұл саланы да бағындыра бас­та­ды. Ендеше, жас өреннің тол­ай­ым табыстарға қалай жеткеніне үңілейікші. Әкесі Аманжол Сабиев Зайсан қаласынан әскери қызмет бабымен Жарма ауданының Геор­гиевка кенті маңындағы әске­ри қалашыққа қоныс аударғанда Жанәділ 1-сынып табалдырығын аттаған еді. Екінші сыныпты Семей қаласындағы Шәкәрім ат­ын­дағы №5 мектеп-гимназияда жал­ғастырды. Жасынан спортқа бейімдігін байқаған апайы Жанерке сүйікті бауыры Жанәділді қаланың сол жағалауында орна­ласқан Болат Тұрлықанов атын­дағы «Жастар» кешенінің ішіндегі «Цунами» каратэ мектебіне апарып, күнделікті жаттықты­ру­ға қатыстырады. Оның дирек­то­ры қара белбеуден ІІІ дан иегері, әйгілі спортшы Наталья Клименко болатын. Мен кісі тан­ы­сам, мына бала әлі талай рет Қа­зақ­станның атын әлемге жая­тын бо­лады. Тек үнемі, тұрақты түрде қатыстырып отырыңдар, дейді Наталья Клименко апайы Жанерке Аманжолқызына. Директордың айтқанындай-ақ, Жанәділ 2004 жылы Ресейдің Рубцов қаласында өткен ха­лық­аралық жарыста Қазақстан ко­мандасы атынан қатысып, кү­міс медаль иегері атанып, дип­лом­мен марапатталады. Сол жы­лы Ташкентте өткен сайыста Өз­бек­стан чемпионы атанады. Семейде өткен Еуразиялық чемпионатта қола жүлдені қан­жы­ға­сына байлады. 2006 жылы қаң­тар айында жасөспірімдер ара­сын­дағы әлем чемпионатына қа­ты­суға Америкаға баруға жолдама алады. Онда Огайо шта­ты­ның Каламбус қаласында өткен жа­рыста екі дүркін әлем чемпио­ны атағын жеңіп алды. 2007 жы­лы Американың Лас-Вегас қала­сын­да өткен әлемдік жарысқа Қазақстан командасы құрама­сын­­да қатысып, жарыстың екі тү­рінен де екінші орынды иемденіп, елге жеңіспен оралды. Сол жылы Біріккен Араб Әмір­лік­те­рінде өткен жарысқа түсіп, әлем чем­пио­ны атанды. Сонымен Жан­­әділ үш дүркін әлем чемпио­ны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жақында Жанәділді Зайсан­да­ғы ата-апасы Жекен және Сә­бира Кәрібаевтардың үйіне келген жерінен жолықтырдық. Ал­дында ғана спортта да, математикада да топ жарып жүрген да­рынды шәкіртті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қабылдап, та­бысымен құттықтап, марапатта­ған еді. Облыс әкімінің алғыс хатын Жекен мен Сәбира көр­сетіп тұрып: – Бұдан бір ай бұрын Жан­әділіміз Грекияда өткен халық­аралық олимпиадада жүлделі ор­ынға ие болды. Математикадан топ жарған немереміз Қазақ­стан­нан барған оқушыларға ағ­ылшын тілінен тілмәш болып, көп көмек көрсетіпті. Алдағы уақытта да Жанәділ бізді қуанта береді деген ойдамыз, – дейді Жекен Кәрібаев. – Шіркін, каратэ спорты Ол­им­пиада ойындарының бағдар­ла­масына енсе, нұр үстіне нұр болар еді. Белбеу күресіне бейімі бар қазақ жастары кетіп жүрген есеміздің орнын толтырар еді, – дейді Жанәділ. Несі бар, келешекте каратэ­нің Олимпиада ой­ын­дарының бағдарламасына ен­іп қалуы ға­жап емес. Сол кезде Жанәділдей өрендеріміз еліміз­дің көк туын биікте желбірететіні сөзсіз. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Мәуітқазы ЗҮКЕНОВ, журналист. Шығыс Қазақстан облысы. Суретте: Ж. Талдыбаев ата­сы­мен және апасымен бірге.