19 Қараша, 2016

«28 панфиловшылар» фильмін интернеттен тегін жүктеуге болады

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-11-film Мәскеу түбіндегі шайқастың 75 жылдығына орай 18 қараша күні Алматыда «28 панфиловшылар» көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды egemen.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 28 панфиловшы» (Санкт-Петербор) тәуелсіз студиясы және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен түсірілген фильмді Астанада екі елдің өңіраралық ынтымақтастығы форумында Қазақстан мен Ресей президенттері – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин көрген болатын. Алматыда өткен фильмнің тұсаукесеріне Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, генерал Иван Панфиловтың немерелері – Айгүл мен Алуа Байқадамовалар қатысты. Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған. «Бұл Ресей мен Қазақстанның қатысуымен халықтың қаражатына түсіріліп жатқан алғашқы жоба. Ол ерекше назарды талап етеді. Ресей мәдениет министрі Владимир Мединскийге жерлестеріміздің ерлігін жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіремін. Әрине, режиссер Андрей Шальопаға да алғысым шексіз. Ол тарихты жанымен сүйетін принципшіл кісі», – деді А.Мұхамедиұлы. Фильмнің сценарисі, продюсері мен тең режиссері Андрей Шальопа картина кинотеатрларда көрсетіліп болған соң оны интернет арқылы тегін жүктеп алуға болатынын айтты.