21 Қараша, 2016

Астанада судьялардың кезекті құрылтайы өтуде

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында еліміздегі судьялардың кезекті құрылтайы өтуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарланған шараға республика өңірінен 600-ден астам делегаттар келген. Алғаш рет 1996 жылдың 19 желтоқсанында Алматыда қаласында өткен I Судьялар съезінің заңды жалғасы болып табылатын бүгінгі жиында "Судьялық Әдеп кодексін" қабылдау көзделген. Бас-аяғы 15 баптан тұратын бұл Кодекс азаматтардың, қоғамның сот билігі мен сот жүйесінің беделіне деген сенімін нығайтып, сот қызметінің қазіргі демократиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін паш ету болып табылады. Сондай-ақ, онда жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріп-тұрудың әдеп қағидалары да нақты атап көрсетілген. Айта кетейік, осы Кодекс қабылданғаннан кейін 2009 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде қабылданған Судья әдебі кодексінің күші жоятын болады. Нұрлыбек Досыбай, "Егемен Қазақстан".