Қостанайда «Нұрлы таң» атты қазақ тіліндегі аймақтық, қоғамдық-саяси газет шықты. Бұл Қостанай облысының тарихында мемлекеттік тілде шығып отырған екінші облыстық басылым.
Газет редакторы Жұмакүл Ерқасымова оқырмандарға арнау сөзінде: «Апталық газет ұжымының алға қойған мақсаты—қоғамда туып отырған әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелер төңірегінде ой түйіндеп, оқырманмен бөлісу, халық пен жергілікті атқарушы билік арасындағы үйлесім тірегіне айналу», - деп жазды. Газеттің меншік иесі «Нұрлы таң» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Газеттің беташар нөмірі 20 бет болып шықты. Онда газет бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналған артта қалған ауыл мектептері, жастарды қатерлі ағымның «қармағынан» қорғау, туризмді дамыту, ауылдың рухани тынысы туралы және тағы басқа да тақырыптарды көтерген.
Нәзира Жәрімбетова,
"Егемен Қазақстан".
Қостанай

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше