21 Қараша, 2016

Қазақстанда ескі көліктерді қабылдау басталды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-11-16-machina

Бүгін Қазақстанда утилизациялау бағдарламасы аясында ескі көліктерді қабылдау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінде еліміздің 17 қаласында қабылдау бекеттері ашылды. «ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) Операторы» ЖШС-ның басқарушы директоры Рустам Темірбековтің айтуынша, жыл соңына дейін 10 мың көлікті қабылдау жоспарланған. Оған бюджеттен квота, яғни тиісті қаражат бөлініп отыр. Бағдарлама аясында 3,5 тоннадан аспайтын жеңіл көліктер қабылданады. Ал утилизациялық төлемнің көлемі автомобильдің теxникалық жағдайына қарай белгіленеді. Толық комплектациясына 150 000 теңге берілсе, істен шыққан көліктер үшін 48 000 теңге төленеді. «Ескі көлікті тапсыру үшін алдымен сол аймақта квотаның бар жоғын тексеріп алу қажет. Сондай-ақ www.avto.recycle.kz сайтынан көліктің қай санатқа жататынын білуге мүмкіндік бар. Енді, дәл қазір біз есікті бөлек, шанақты бөлек есептеп жатқан жоқпыз. Әзірше, екі-ақ категория бар. Ол – 150 және 48 мың теңгенің өтемақысы», – дейді Р.Темірбеков. Сондай-ақ, ол бағдарлама аясында ескі көлікті қабылдау бекетіне дейін жеткізу қызметі қарастырылмағанын айтты.