21 Қараша, 2016

СҚО-да кадрлық ауыс-түйістер болды

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
111 Аппараттық жиналыс барысында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің департаменті мен кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі болып Құралай Жарова тағайындалды. Құралай Жарова 1968 жылы дүниеге келген, Ақмола облысы Көкшетау қаласының тумасы. 2014 жылдан бүгінге дейін СҚО кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен Балтабек Жетпісов СҚО бойынша ҚР ИДМ Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болып тағайындалды. Балтабек Жетпісов 1967 жылы СҚО Шал ақын ауданындағы Ленин ауылында туған. 2014 жылдың қазан айынан бүгінге дейін СҚО бойынша ҚР ИДМ Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің департаменті жетекшісінің орынбасары болған. ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң жауапты хатшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы болып Балтабек Жетпiсов тағайындалды. 21_5 Балтабек Хамитұлы Жетпiсов 1967 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Ленин селосында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы Киiз аяқ киiм фабрикасында түзеушi болып бастаған. 2004-2005 жылдар аралығы «СҚО Жастар ұйымдарының бiрлестiгi» заңды тұлғалар бiрлестiгi әскери-патриоттық клубының үйлестiрушiсi болып қызмет еттi. 1992-2006 жылдар аралығы — жүргiзушi, механик, Облыстық жастар сауда қорының агентi. 2007-2014 жылдар аралығы — Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасында бас маман, басқарма басшысы. 2014 жылдың қазан айынан осы тағайындауға дейiн Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары қызметiн атқарған.