21 Қараша, 2016

Астанада паралимпиада спортшыларына кешен ашылады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада ұлттық паралимпиада командасына арналған жеке спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Жейлан мәлім етті. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жеке залдар мен бассейндерде кедергісіз жаттығуы үшін бар жағдай жасалмақ. Кешеннің құрылысын бірегей ету үшін АҚШ-тың белгілі архитекторы Илеан Родригез Астанаға келген екен. Бұл сәулетшіні халықаралық олимпиада комитетінің өзі ұсыныпты. Бұнымен қоса, Илеана Родригез Лондонда өткен Паралимпиада ойындарында жетінші орын алған спортшы. «Мені Қазақстанның паралимпиада ойындарына шақырды, бұл тамаша команда. Менің міндетім - жаңа спорт кешенін қарау. Бұл жобаға үлес қосу - мен үшін үлкен абырой»,-дейді ол. Жоспар бойынша, Қазақстандағы осындай тұңғыш спорт кешені 2017 жылдың наурызында ашылуы керек.