21 Қараша, 2016

Екі облыста жол жабылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің екі облысының аумағындағы жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, боранға байланысты Жамбыл облысы аймағындағы «Қордай айналма жолының» 158-240 шақырымындағы Отар-Қайнар аралығында  көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Бұдан бөлек, Алматы облысында «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық учаскесінде де боран салдарынан жол жабылды. Осы ретте бұл шектеу көліктің барлық түрлеріне енгізілді.