12 Наурыз, 2011

Қысқа қайырып айтқанда:

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
• Ресей АҚШ-та үкім күтіп жатқан кәсіпкер Виктор Бутты шпиондық жасады деп айыпталған Ресей қорғаныс министрлігінің бұрынғы офицері Андрей Хлычевпен айыр­бастамайтынын мәлімдеді. Оған, В.Буттың ешқашан мемлекеттік қызметте істемегені себеп көрінеді. Бірақ Ресей тарабы өз азаматына жәрдемдесуден бас тартпай­тынын ашық айтып отыр. • Ливияда азамат соғысы жалғасуда. Елдің табиғи байлығы мол аудандары қолдан-қолға көшіп жатыр. Күн өткен сайын опат болғандар саны да өсе түсуде. Биліктен кететін ойы жоқ Муаммар Каддафиге қатысты Франция мен Англия бастаған Еуропа елдері қандай шара қолдану керектігі жөнінде пікір таластыруда. • Ресейдің Украинаға сататын газының бағасы 2011 жылы 1 мың текше метрі үшін 300 доллардан асып кетуі ық­ти­мал. Бұл туралы Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары Владимир Макуха хабар­лады. Ресей жағы мұның себебін әлемдік рынокта мұ­най­дың, басқа да отын түрлерінің бағасы өскенімен түсін­діріп отырған көрінеді. Интернет материалдары негізінде әзірленді.