22 Қараша, 2016

Ұлттық қордың қолдауы

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Облыс әкімдігінде өткен жиында «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Алтын Дәулетованың айтуынша, 2016 жылы өңірге Ұлттық қордан 24 мил­лиард теңгеден астам қаржы бөлінген. – «Нұрлы жол» бағдарламасы бо­йынша 65 жобаны жүзеге асыру үшін 18 миллиард теңге бөлінді, соның ішінде білім саласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту аясында 10 нысанның құрылы­сын салу жоспарланып отыр. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 1200 орындық, «Заречный-3» ауылындағы 600 орын­дық, Кірпішті ауылындағы 320 орындық орта мектептер, Қарғалы ауылындағы 320 орындық балабақша пайдалануға берілсе, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы 600 орындық, «Батыс-2» тұрғын үй алабындағы 320 және 600 орындық, Нокин ауылындағы 320 орын­дық, Сазды ауылындағы 600 орындық мектептер кіретін 5 нысанның құрылысы 2017 жылы аяқталмақ. Сонымен қатар, «Батыс» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде, – деді ол. Сондай-ақ, құны 8,6 миллиард теңге тұратын 39 жобаны жүзеге асыру ин­женер­лік-коммуникациялық инфра­құры­лым­дарды дамытып орналастыруға мүмкін­дік береді деп күтілуде. Бұдан басқа, 4 мил­лиард теңге жылумен, сумен жабдық­тау және су тарту жүйелерін қалпына кел­тіру бойынша 13 жобаға бөлінген. «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойын­ша өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту аясында жалпы құны 2 мил­лиард теңге болатын 3 нысанның құры­лысы жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыруға 6 178,4 мил­лион теңге бөлінді, бұл қаржыға еңбек жас­тарына арналған жатақхананың құры­лысы басталды, 112 әлеуметтік нысанның ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе