Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының студенттік шәкіртақысы сарапқа түскен байқау комиссиясының шешімімен Меруерт Шукуева, Павел Граф, Әлия Лаубай, Юлия Тарасова, Алтын Амангелдинова және Әділхан Қасымов жеңімпаз атанды.
Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері өздерінің жоғары академиялық көрсеткіштерімен қоса университеттің қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктерін, сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар арасындағы беделдерін доданың екі кезеңінен тұратын іріктеуінен оза шауып бекітті.
Болашақ тілші Меруерт Шукуева оқуы мен мамандығы бойынша жұмысын тамаша ұштастырып келеді. «Орындаушылық өнер» кафедрасының студенті Павел Граф фортепиано бойынша халықаралық музыкалық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты атанған. Ал гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенті Алтын Амангелдинова – ЭКСПО-2017 халықарлық көрмесіне дайындық орталығының еріктісі. Бүгінгі күні Алтын Эразмус+ бағдарламасы бойынша Чехияда білім алып жүр.
Волонтерлік жұмысты өзіне серік еткен тағы бір белсенді жас – сәулет-құрылыс факультетінің студенті Әлия Лаубай да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Әлия бұл жұмыспен 11 жасынан бері айналысып, көптеген әлеуметтік іс-шараларға қатысуды өмірінің мәні санайды. «Шәкіртақы иегерлері қатарында болғаным – мен үшін зор мәртебе. Бірінші кезекте, 30 жеңімпаздың ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің алты бірдей студенті аталғаны – университетіміз үшін үлкен жеңіс. Осындай қорлар жастардың белсенді болуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, мақсат қойып, оны игеруіне жол салып береді», дейді Әлия.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»
• 22 Қараша, 2016
Тұңғыш Президент қорының шәкіртақы иегерлері атанды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше