21 Қараша, 2016

Чехиямен байланыс нығая түседі

394 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасының Сыртқы істер министрі Любомир Заоралекпен кездесіп, келіссөз жүргізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Сыртқы саясат ведомство­лары­ның басшылары машина жасау, энергетика, «жасыл эконо­мика», ауыл шаруашылығы, әс­кери-өнер­кәсіптік кешен, білім беру, денсаулық сақтау және туризм сала­ларындағы көкейкесті мәселелер мен екіжақты ынты­мақ­­тастық­тың перспективаларын қарас­тырды. Сондай-ақ, Қа­зақстан – Еу­ропалық одақ және Еура­зиялық эко­номикалық одақ – Еуро­палық одақ желілері бойынша өзара әрекеттестік жайын сөз етті. Келіссөз барысында Е.Ыды­ры­сов Чехияның сауда-эко­но­ми­калық және инвестициялық салаларда айтарлықтай әлеуетке ие ел екенін айта келіп, Қазақстанның сенімді серіктесі әрі Еуропалық одақтың маңызды мүшесі екенін атап көрсетті. Ол Қазақстанның ин­вестициялық ахуалының оң­­тай­лылығы жөнінде әңгіме қоз­ғап, осы күндері Астана мен Алма­­тыда өтіп жатқан Қазақстан-Чехия бизнес-форумына Чехия­ның отыз­дан астам іскер топ­тары­ның өкіл­дері қатысып жатқанына ризашы­лығын білдірді. «Екі ел іскер топтарының ара­сындағы тікелей үнқатысулар мен әріптестікке белсенді ықпал ету біз­дің бірлескен жұмысымыздың негі­зі болуы тиіс», деді өзінің сөзінде Е.Ыдырысов. Сондай-ақ, ол Че­хияның қазақстандық туристер мен студенттер арасында аса тартымды бағыттардың бірі болып отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде Чехияның жоғары оқу орындарында 2 мыңнан астам қазақстандық білім алып жатса, жыл сайын Чех Республикасына шамамен 100 мыңдай қазақстандық турист барады екен. Өз кезегінде, Л.Заоралек Қа­зақстанды Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығымен құттықтай келіп, ел­дің осы аз ғана уақытта тамаша табыстарға қол жеткізгенін атап көрсетті. Сонымен қатар, ол Че­хияның Қазақстан мен ЕО ара­сын­дағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған Еуропалық одақтағы төртінші ел болғанын көлденең тартты және өз елінің Қазақстанның кандидатурасын 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің құрамына сайлауда қолдау көрсеткенін айтты. Соны­мен бірге, Чехияның Астанада өте­тін ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесіне алғаш рет қатысатынын жария етті. Тараптар, сондай-ақ, парламент­аралық және өңіраралық ынтымақ­тастықты әрі қарай дамытудың маңызды екеніне назар аудара келіп, екі ел арасындағы мәдени-гу­ма­ни­тарлық байланыстарды жан­дан­дыра түсудің маңызы да айтар­лықтай зор екенімен келісті. Келіссөз қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасының Пре­зиденті жанындағы Мем­ле­кет­тік басқару академиясы мен Чех Рес­пуб­ликасы Сыртқы істер ми­­нистр­лігі жанындағы Диплома­тия­лық академия арасында Ын­ты­мақ­тастық туралы меморандумға қол қойылды.