Жапонияның ең ірі Хонсю аралында алапат жер сілкінісі тіркелді. Оның күші, кейбір деректерге қарағанда, 8,9 баллға жеткен. Зілзаланың эпицентрі Тынық мұхитының түбінде орналасыпты. Осының салдарынан биіктігі 10 метрге дейін цунами көтерілген.
Ел астанасы Токионың өзінде 4 мыңдай ғимарат қираған. Зілзаладан опат болғандар саны әзірше белгісіз. Алып толқындар жағалауға жақын маңдағы елді мекендерді шайып кеткен. Енді цунами Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдеріне және Австралияға қауіп төндіруі ықтимал. Көптеген тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілуде.
Ресей Ауғанстанға тікұшақтар сатады
Ресей мен НАТО Ауғанстанға 24 көпмақсатты МИ-17 тікұшақтарын сату туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Келісім-шартқа осы жылдың наурыз айының аяғына дейін қол қойылады деп күтілуде. Келіссөз үдерісінде НАТО тарабынан АҚШ өкілеттілік етті.
Сөйтіп, Ресей жағы Ауғанстанға 24 тікұшақ сататын болса, тағы үшеуін тегін бермек. Қаржы НАТО-ның арнайы қорынан төленеді. Бұл қор таяу болашақта құрылатын болып белгіленген. Оған альянсқа мүше мемлекеттердің барлығы жеке-жеке жарна енгізулері тиіс. Осылайша Ауғанстанның әскери-әуе күштеріндегі Ресей әуе кемелерінің саны 100-ге жетпек.
Саудияда митингілетуге рұқсат жоқ
Сауд Арабиясының Әл-Катиф қаласында бейсенбі күні кешкісін демонстрацияға шыққан 3 адам жарақат алды. Митингке шығушылар шииттердің өкілдері болып табылады. Жалпы, аталған қаланың көшелеріне, араларында әйелдер де бар, шамамен 800 шиит шыққан екен.
Олардың талаптары – біреу: қамауға алынған шиит өкілдерін босату. Митингке шыққандарды қуып таратуға 200-дей полиция қызметкері қатысқан. Олардың айтқандарына бағынбағандарға қарсы оқ атылған. Үстіміздегі жылғы наурыз айының басынан Саудия ішкі істер министрлігі елде демонстрацияға шығуға тыйым салған болатын. Ведомстводағылардың айтуларынша, митингтер шариғатқа қайшы келеді. Бұл тыйымның басқа, яғни басты астары бар екені де түсінікті.
Ресейге деген көзқарас
Ұлыбританияның радиохабарларын тарататын ВВС корпорациясына қарасты GlobeScan компаниясының сарапшылары өздері жүргізген сұрау салулардың кезекті нәтижелерін жария етті. Әлемнің 27 мемлекетінде жүргізілген сұрау салулар бойынша респонденттер Ресейдің әлемге ықпалы жөніндегі көзқарасын бұрынғысынша терістеу күйінде қалдырған.
Ресейге оң көзқарас танытқан елдер қатарында Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея бар. Ал аса оң бағамға ие болған ел Германия болып отыр. Ең теріс баға алған мемлекет Иран болып табылады. Бұл ел былтыр да көш басында тұрған екен. Сондай-ақ әлемге теріс ықпалды мемлекеттер қатарында Пәкстан, Корея Халық-Демократиялық Республикасы және Израиль аталған. АҚШ-қа қатысты көзқарас екіұдай.

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08