22 Қараша, 2016

Алматыда балалар үйі өртенді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-16-pojar

Кеше түнде Алматыдағы балалар үйі отқа оранды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті. Өрт сөндірушілер ғимараттан 160-тан астам тәрбиеленуші мен мекеменің 12-і қызметкері қауіпсіз жерге көшірген. Дәрігерлердің айтуынша, 4 балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Айта кетейік, өрт ғимараттың 180 шаршы метр аумағын шарпып үлгерген. Қазіргі таңда төтенше жағдай қызметінің мамандары қызыл жалынның неден орын алғанын анықтау үстінде.