22 Қараша, 2016

22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-11-2016-aua-raiy-01

Бүгін еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде және оңтүстік-шығыста ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет. Сондай-ақ, аталған аймақтарда көктайғақ болып, тұман түседі. Ал Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерлері мен Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 15-20 метрді құрап, тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болып, қатты жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, тұман түседі.