12 Наурыз, 2011

Қызылағашқа көктем келді

524 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қызылағаш ауылындағы су апатының болғанына да бір жыл өте шықты. Соған орай облыс әкімдігінің қолдауымен осы уа­қыт­тың ішінде толықтай дерлік жа­ңадан салынған ауылда апатта қаза болғандарға арналып ас берілді. Қасиетті жұма күні Қызыл­ағаш ауылына облыс әкімі Серік Үм­бетов бастаған ел ағалары мен ардагерлер, зиялы қауым өкілдері ар­найы атбасын тіреді.  Алқалы топ алдымен қаза тапқандарға қой­ыл­ған ескерткіштің алдына жи­налып, аруақтарға тағзым етіп, ақсарбас шалды. Қазақстан Мұ­сылмандары діни басқармасының Талдықорған өңіріндегі өкіл имамы Жұманәлі Аманов боздақтардың аруағына Құран бағыштап, дұға жасады. Келесі кезекте  2010 жылдың 10 қазанында құрылған “Жан­сү­гі­ров” қоғамдық қорының қайы­рым­дылық жолымен жиналған қаржы­сына сатып алынған ауыл­шаруа­шы­лық техника­ларын “Қы­зыл­ағаш Ltd” ЖШС-не тапсыру салтанаты өткізілді. “Жансүгіров” қоғамдық қоры­ның бастамасымен құрылған “Қы­зылағаш Ltd” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің капи­та­лы 180 миллион теңгені құрай­ды. Аталған серіктестікке бұл жо­лы құны 135 млн. теңгені құрайтын 45 техника табыс етілді. Сондай-ақ, “Жансүгіров” қо­ғамдық қоры тарапынан ұжым­ның мате­риал­дық базасын ны­ғай­туға 35 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл қолдау ауыл тұрғын­дарын шын қуантып, көңілдерін көкке көте­ріп тастағандай болды. Машина-трактор стансасы ма­ңына жиналған көпшіліктің ал­дында облыс әкімі Серік Үм­бе­тов сөз алды. – Халқымызда апат болған жерге, қайтыс болған бауыр­ла­рымызға ас беретін игі дәстүр бар. Бүгін осындай себеппен жи­налдық. Соған орай, Қызылағаш тұрғындарының әлеуметтік жағ­дайын жақсарту және көктем мен күзгі жұмыстарына септігі болар деген оймен “Қызылағаш Ltd” ЖШС-ын  құрып, бүгін оның құ­зырына 45 жаңа техника тапсы­рып отырмыз. Мұндай техни­ка­лық қуат қазірге дейін еліміздің ешбір ауылында жоқ. Қазір қол­дарыңызда 150 тонна тұқым бар екен. Оған тағы да 150 тонна тұ­қым қосып, тұрғындардың 1500 гектар жерді игеруіне жағдай жа­самақпыз. Мұның сыртында тағы бір “КамАЗ” жүк көлігі мен бір бензовоз сатып алып беруге өзі­міз көмектесеміз. Халықтың кө­ңіл-күйі көтеріңкі, бәрі де мемлекет қамқорлығына алғыстарын айтып, рахметін жау­дырып отыр. Бүгін аспаннан нұр жауып тұр. Алдағы Наурыз мей­ра­мын да сіздермен бірге қарсы алатын бола­мын, – деді ол. Осыдан кейін көпшілік ал­дына шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрбек Қасымбеков ақсақал: – Өлкемізді басшылар аялайды, Қамқоршы боп халқына  саялайды. Құрылыс сап, жол жөндеп, су жүргізіп, Өз халқынан ештеңе аямайды, – деп өлеңмен ақ тілегін айтса, келесі сөз кезегін алған “Каз­Агро­ТехСнаб” ЖШС-ның өкілі Бағ­лан Мұқтарғалиұлы жаңа тех­ни­калар­дың мүмкіндігін таныс­ты­ра келіп, серіктестік атынан “Қы­зыл­ағаш Ltd” ЖШС ұжы­мы­на “Ни­­ва” ав­токөлігінің кілтін табыс етті. Осындай игілікті істерге куә бол­ған көпшілік бұдан кейін І. Жан­сү­гіров атындағы орта мек­­теп­тің спорт залына жайылған дас­тар­қан­ға бет алды. Бұл жерде де қа­за­ бол­ғандар рухына Құран ба­ғыш­талып, ауылдың жарқын бо­лашағын қа­лыптастыру жай­ын­дағы ақ тілектер айтылып жат­ты. “Орнында бар оңалар” дегеніміз осы да. Күмісжан Байжан.